Алматы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Ertenmedia.
Алматы қаласы әкімінің өкімімен және Президент Әкімшілігінің келісімімен 2025 жылдың 18 тамызынан бастап әкімнің орынбасары қызметіне Алмасхан Сматлаев келді.
Сматлаев экология, энергетика, көлік және коммуналдық шаруашылық салаларына жетекшілік етеді.
Жаңа орынбасар Ресейдің Қаржы университетін «экономика», «мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандықтары бойынша және АҚШ-тағы Блумсберг университетін «халықаралық экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы бизнес құрылымдарынан бастап, кейін Еуразиялық экономикалық комиссияда қызмет етті.
2014-2023 жылдары Шығыс Қазақстан облысында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, облыс әкімінің орынбасары, кейіннен бірінші орынбасары лауазымдарын атқарған.
Осы тағайындауға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметінде болған.