Қазақстанда зейнетақы жинағын тіс емдеуге пайдалануға тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Ertenmedia.
Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинағын тіс протездеу және имплантация қызметтеріне жұмсауға тыйым салуды ұсынып отыр. Тиісті бұйрық жобасы нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды.
Құжаттың түсіндірмесінде өзгеріске зейнетақы қаржысының мақсатсыз жұмсалу деректері себеп болғаны жазылған. Жаңа тәртіп күшіне енсе, зейнетақы жинағы есебінен тіс емдеу мүлдем тоқтайды.
Бұған дейін «Отбасы банк» те стоматология қызметтеріне өтініш қабылдауды 2025 жылдың 15 қыркүйегінен 2026 жылдың 15 сәуіріне дейін уақытша тоқтатқан еді. Банк хабарлауынша, осы аралыққа дейінгі өтініштер ғана әдеттегідей қаралады.
Еске сала кетсек, жақында Атырауда зейнетақы қорындағы ақшаны заңсыз жолмен қолма-қол ақшаға айналдырған алаяқтар ұсталған болатын. Олар стоматологиялық қызмет көрсету туралы жалған құжат рәсімдеп, салымшылардың жинағын шығарып отырған.
Бұл іске қатысы бар он шақты адам қамауға алынды. Фигуранттардың саны әлі де өсуі мүмкін.
Зейнетақы қорына қойылған пломба. 200 миллиардты жеген «тіс дәрігерлері» кімдер