Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің міндетіне кірмейтін жұмыстарды заң жүзінде алып тастауды ұсынды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қазіргі Мәжіліс депутаты, бұрынғы Оқу-ағарту министрі ұсынған заң жобасы Үкіметтің қарауына жіберілді. «Ұстаздар мобилограф, блогер, күзетші, іс жүргізуші немесе чат модераторы болуға міндетті емес», – деді депутат.
Жаңа заң жобасының негізгі мақсаты педагогтердің артық жүктемесін азайтып, олардың тікелей міндетіне жататын қызметтерді ғана қалдыру.
Ең алдымен, мұғалімдер енді қағаз есеп пен электронды құжатты қатар тапсырмайды. Барлық есепті цифрлы форматта бір рет ұсынса жеткілікті. Бұл педагогтерді артық жұмыс пен қағазбастылықтан арылтады.
Бұдан былай әлеуметтік желілердегі белсенділік те мұғалімнің өз еркінде болады.
Instagram немесе Facebook парақшасын жүргізуге, сабақтан суреттер жариялауға ешкім мәжбүрлемейді. Барлық ресми ақпарат тек мектептің LMS жүйесі немесе электронды пошта арқылы беріледі. Сонымен қатар заң жобасы мұғалімдерді тәулік бойы мазалайтын чаттар мен мессенджерлерге де шектеу қояды.
Жоба аясында мұғалімнің жауапкершілік шекарасы нақты айқындалады. Енді оқушының мектептен тыс уақыттағы тәртібі мен әрекетіне педагог жауап бермейді. Ұстаздардың міндеттері еңбек шарты бойынша нақты белгіленіп, шектен тыс жауапкершілік алынып тасталады.
Сонымен қатар, «мектеп – ата-ана» арасындағы шарт тиімді жұмыс істеуі тиіс. Баланың тәрбиесі біржақты болмайды, жауапкершілік енді ата-ана, мектеп және оқушы арасында тең бөлінеді.
Жаңа заңның тағы бір маңызды бөлігі – мұғалім құқығын қорғау мен заң бұзғандарға айыппұл көлемін арттыру. Педагогтердің жұмысына араласып, қысым көрсеткендерге енді қатаң заңмен тыйым салынады. Айта кетейік, Қазақстанда Ұстаздар күні қазан айының алғашқы жексенбісінде атап өтіледі.
Қазақстандық танымал спортшы әрі актер Еркебұлан Тоқтар өз жеңілісінен ақша ұтылған жанкүйерлеріне өткір сын айтып, жауапкершілікті өзіне емес, әркім өзіне жүктеу керектігін ескертті.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







