Уашингтонда Қазақстан мен АҚШ аса маңызды минералдар бойынша әріптестік орнатуға уағдаласты, деп жазады Ertenmedia.
Президент Тоқаевтың қатысуымен өткен рәсімде тараптар арасында аса маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Құжатқа Қазақстан атынан Индустрия және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, ал америкалық тараптан Сауда министрі Говард Латник қол қойды.
Айта кетелік, Тоқаевтың АҚШ сапары қарсаңында Washington Post Қазақстанға арналған көлемді сараптама әзірлеген.
Басылымға пікір білдірген беделді сарапшылар:
«Қазақстанда әмірикалық компаниялардың экономикалық мүддесі болса, Мәскеудің қолы байланып, агрессиясы қиындайды. Уашингтон сирек метал мен энергетика саласындағы келісім арқылы Астананың аймақтағы ықпалын арттырып, солтүстіктегі тұрақтылықты күшейте алады», – деген болаты.
Толығырақ осы тұста.
Ақ үйдегі ақжарма әңгіме: Тоқаевтың Трамп әкімшілігімен тілдесуі қалай өтті

