БҚО-да 73 инвестициялық жоба жүзеге асқан. Бұл туралы БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында баяндады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Батыс Қазақстан облысының экономикасы мұнай-газ, өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс индустриясы және агроөнеркәсіп кешені сияқты басым салаларға негізделген. Бұл туралы өңір басшысы Нариман Төреғалиев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Өңір басшысының айтуынша, аталған салаларда 30 мыңнан астам адам еңбек етеді. Өңір кәсіпорындары ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, сыртқы нарыққа да экспорт көлемін арттырып келеді.
Жыл басынан бері облысқа 567 млрд теңге инвестиция тартылған. Оның 80 пайызы, яғни 453 млрд теңгесі жеке секторға тиесілі. Алдағы бес жылда жалпы құны 4,4 трлн теңгені құрайтын 73 ірі инвестициялық жобаны іске асырып, 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

