Бүгін Қазақстанның 14 облысында жолға шығатындар сақ болғаны дұрыс, деп жазады Ertenmedia.kz.
«ҚазАвтоЖолдың» ескертуінше, бүгін бірқатар өңірде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі, кей жерде жол тайғақ болып, көріну нашарлауы мүмкін.
Әсіресе таңертеңгі және кешкі уақыттағы қозғалыс қиындап кетуі ықтимал, өйткені ауа райы бір қалыпта тұрмайды, бір жерде қар, бір жерде жаңбыр, бір жерде ұйытқыған жел қосылып кетеді.
Ескерту Ақмола, Абай, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы және Түркістан облыстарына қатысты болып тұр. Аура-райы қолайсыз кезде жылдамдықты төмендетіп, арақашықтықты сақтау маңызды.
Жолға шықпас бұрын көліктің жарығын, әйнек сүрткішін, тежегішін, қысқы дөңгелектің жағдайын бір қарап алған артық болмайды.
Қар аралас жаңбыр жауса, әйнек тез буланып, көріну нашарлайды, сондықтан салондағы жылыту жүйесін де реттеген жөн. Қатты асығып, көлікті қыспаққа салу қауіпті көбейтеді.
«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтауға, қауіпсіздік талаптарын орындауға және трассадағы жағдайды ескеріп жүруге шақырды.

