Әлеуметтік желіде 077Diva лақап атымен танылған блогер тікелей эфирдегі сөзі үшін 10 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Тікелей эфирде есірткі затын «көңіл-күй көтеру үшін» қолданатынын ашық айтқан блогердің видеосына Шымкент полициясының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы назар аударған.
Тәртіп сақшылары оның кім екенін анықтап, полиция бөлімшесіне жеткізген. Медициналық сараптама нәтижесінде блогердің каннабиноид тұтынғаны дәлелденді.
Бұл іс бойынша материалдар Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданып, оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 440-1 бабы бойынша іс қозғалды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сот шешімімен блогер 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Кейін ол өзінің әрекеті үшін көпшілік алдында кешірім сұрады.
Бұған дейін Қазақстан банкінен 55 миллион теңге ұрлап, шетел асқан азамат Швециядан елге экстрадицияланған еді.

