Қазақстанда сұйытылған мұнай газының 2026 жылдың бірінші жартысына арналған көтерме бағасы бекітілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Энергетика министрінің бұйрығына сәйкес, келесі жылдың 30 маусымына дейін көтерме газ бағасы өзгермейді. Баға қосымша құн салығынсыз тоннасына 59 722 теңге деңгейінде қалады.
Бұл құжат биржадан тыс, ішкі нарықта сатылатын сұйытылған газ жеткізілімін реттейді. Жаңа бұйрық 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Айта кетейік, дәл осындай шекті баға биыл 1 тамыздан бастап қолданыла бастаған еді. Бұған дейін көтерме баға тоннасына 51 932 теңге болған.
Еске сала кетейік, үкімет бұған дейін инфляция мен экономикалық шығындардың өсуіне байланысты дағдарысқа қарсы жоспар қабылдаған болатын. Аталған жоспар аясында АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының, сондай-ақ коммуналдық қызметтер тарифінің өсуіне 2026 жылдың бірінші тоқсанына дейін мораторий енгізілген.
Осыған дейін Бектенов үкіметінің бағамен күресті күшейтінін хабарлаған едік. Жұманғарин жаңа жыл жоспарын жария еткен.

