Қазақстанның екі әуежайы әуе отынының бағасын заңсыз қымбаттатқаны үшін 26 млн теңгеге жуық айыппұл төледі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі әуе отыны нарығында монополиялық жоғары баға орнатып, үстем жағдайды теріс пайдаланғаны үшін Қостанай және Қызылорда қалаларындағы әуежайларға айыппұл салды.
Қостанай әуежайынан 16,6 млн теңге көлемінде айыппұл және заңсыз кіріс тәркіленді.
Ал Қызылордадағы «Қорқыт Ата» әуежайы 7,3 млн теңге айыппұл төлеп, қосымша 2,5 млн теңге заңсыз тапқан пайдасын қайтарды. Сондай-ақ, сот шешімімен Қызылорда әуежайы әуе отынының бір тоннасының бағасын 780 000 теңгеден 533 750 теңгеге дейін төмендетуге міндеттелді.
Қазіргі уақытта аталған шешімдер заңды күшіне енді.
Ал Түркістанның халықаралық әуежайы транзиттік мәртебесі нығайтуға күш салып жатыр.

