«Қазгидромет» алдағы үш күнге 29, 30 және 31 желтоқсанға Астана, Алматы және Шымкент қалаларына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Астана
29 желтоқсанда елордада күн құбылмалы, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с болады. Ауа температурасы түнде а – 13 –15, күндіз – 1 – 3 градус суық болады.
30 желтоқсанда күн райы құбылмалы. Түнде қар жауып, бұрқасын болса, күндіз жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде –1 –3 градус суық, күндіз 0 +2 градус жылы болады.
31 желтоқсанда күн құбылмалы, таңертең және күндіз қар жауып, бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы тәулік бойы –1 –3 градус аралығында сақталады.
Алматы
29 желтоқсанда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз өтеді. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Түнгі температура 0 – 2 градус, күндіз +5…+7 градус.
30 желтоқсанда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз, түнде тұман. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, 3-8 м/с. Түнде 0 –2 градус, күндіз ауа температурасы +7 +9 градусқа дейін жылынады.
31 желтоқсанда күн құбылмалы, жауын-шашын болмайды, түнде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан, 3-8 м/с. Түнде 0 +2 градус, күндіз +7 +9 градус жылы болады.
Шымкент
29 желтоқсанда күн құбылмалы, түннің бірінші жартысында жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан, 8-13 м/с. Түнде +3 +5 градус, күндіз +13+15 градус жылы болады.
30 желтоқсанда күн құбылмалы, күндіз кей уақыттарда жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан, 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +6 +8 градус, күндіз +10 +12 градус.
31 желтоқсанда күн бұлтты, жаңбыр жауып, түнде жауын күшейеді. Жел солтүстік-батыстан, 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Тәулік бойы ауа температурасы +6 +8 градус аралығында сақталады.

