Танымал продюсер әрі шоумен Нұрлан Қоянбаев әлеуметтік желіде өзіне сын айтқан қолданушыны бұғаттап тастаған деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Қазақтың әлемжелісіне айналған threads-те Elya Bai атты қолданушы Қоянбаевтың халыққа пайдасы жоқ екенін, тек жазылушы санын көбейтуді ғана ойлайтынын айтып, шоуменнің шамына тиіпті.
«Осы Қоянбаевтан не пайда? Тек «подписчик» жинайды өзіне. Бірде-бір маңызды проблеманы көтермейді», – дейді желі белсендісі.
Автордың пікірінше, әрбір азамат, әсіресе ел алдында жүрген танымал медиа тұлғалар әлеуметтік әрі саяси мәселеде белсенді болуы қажет.

«Олар халықтың арқасында табыс тауып отыр. Ал біздің медиа тұлғаларымыз тек өздерін ғана ойлайды. Оларға тыныш отырса, өздеріне зиян тимесе болды. Сендер осыны қолдап отырсыңдар. Бұлай ешқашан салауатты қоғам құра алмаймыз», – дейді Elya Bai өз жазбасында.
Қолданушының осы сын пікірінен кейін көп ұзамай оның аккаунтын Нұрлан Қоянбаев бұғаттап тастаған.
Автор осы жағдайды: «Қоянбаев көкеміз блокқа тықты, көтере алмады менің пікірімді», – деп әзіл-шыны араластырып жазған екен. Жазба әлемжеліде қызу талқыға түсіп, оқырмандар арасында түрлі пікір тудыруда.
Бұған дейін біз 2026 жылы қазақтарды күтіп тұрған тосын өзгерістерге шолу жасаған едік.

