Жақында ғана қызметінен босаған Иманғали Тасмағамбетов Асанәлі Әшімовтің қаралы шаңырағына арнайы келіп, дұға жасады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Бұл туралы белгілі ақын Маралтай Райымбекұлы айтты.
Ақынның жазуынша, үйдегі бас орында отырған Асанәлі Әшімовтің немересі кіші Асанәліге баталы әрі аталы сөздер айтылған.
– Қақ төрде Асанәлі ағаның орнында кіші Асанәлі отырды. Барлық жақсы сөз осы кішкентай балаға бағытталды. «Орнында бар оңалар» деген халық даналығы еріксіз еске түсті. Иманғали аға Асанәлі Әшімовтің жылдығына дейін естелік кітаптарын шығаруға және Кеңсайдағы басын қарайтуға көмектесетінін жеткізді. Асыл ағаның шырағы ешқашан сөнбесін! – деп жазды Маралтай Райымбекұлы.
Қазақтілді ортада Тасмағамбетовті «ресейшіл саясаткер» деп айыптайтын қауымның шоғыры ұлғайып келеді. Бұған қатысты Имекең: «Әр мәселенің әділдігін адам көрмесе де, Алла көріп тұр» деп жауап қатқан еді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

