«Қазгидромет» 23 қаңтар күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғатынын хабарлады. Солтүстік өңірлерде аяз әлі де сақталады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Астанада ауа райы құбылмалы болып, қар жауады. Жел жылдамдығы 9-14 м/с болады. Температура түнде -24…-26°C, күндіз -19…-21°C.
Алматыда күн бұлтты, қар жауып, жел 3-8 м/с болады. Ауа температурасы түнде -8…-10°C, күндіз -1…-3°C аралығында.
Шымкентте қар жауады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Температура түнде -6…-8°C, күндіз -3…-5°C болады.
Ақтауда күн құбылмалы, жауын-шашын күтілмейді, жел 5-10 м/с. Температура түнде -2…-4°C, күндіз +3…+5°C аралығында.
Ақтөбеде бұлтты, қар жауып, жел 5-10 м/с. Температура түнде -19…-21°C, күндіз -14…-16°C.
Атырауда күн ала бұлтты, жауын-шашын жоқ. Жел 2-7 м/с. Температура түнде -8…-10°C, күндіз -5…-7°C.
Жезқазғанда күн құбылмалы, жауын-шашын болмайды. Жел жылдамдығы – 4-9 м/с. Ауа температурасы түнде -16…-18°C, күндіз -9…-11°C.
Қарағандыда қар жауып, жел 7-12 м/с. Температура түнде -16…-18°C, күндіз -11…-13°C.
Көкшетауда қар жауып, күн аязды болады. Жел 2-7 м/с. Температура түнде -30…-32°C, күндіз -25…-27°C.
Қонаевта қар жауып, желдің жылдамдығы 9-14 м/с-ты құрайды. Ауа температурасы түнде -9…-11°C, күндіз -3…-5°C аралығында.
Қостанайды аяз қысып тұр
Қостанайда жауын-шашынсыз, аяз сақталады. Жел 5-10 м/с. Температура түнде -32…-34°C, күндіз -27…-29°C.
Қызылордада күн бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Жел 7-12 м/с. Температура түнде -12…-14°C, күндіз -4…-6°C.
Павлодарда қар жауып, жел 5-10 м/с болады. Температура түнде -25…-27°C, күндіз -17…-19°C.
Петропавлда күн ала бұлтты, жауын-шашын жоқ. Жел 2-7 м/с. Температура түнде -33…-35°C, күндіз -26…-28°C.
Семейде қар жауады, жел 5-10 м/с. Температура түнде -18…-20°C, күндіз -13…-15°C.
Талдықорғанда қар жауып, жел 5-10 м/с болады. Температура түнде -10…-12°C, күндіз -4…-6°C.
Таразда қар жаумайды, алайда жел екпіні кей уақытта 25 м/с-қа жетеді. Температура түнде -7…-9°C, күндіз -2…-4°C.
Түркістанда қар жауып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде -8…-10°C, күндіз -3…-5°C.
Оралда күн бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Жел 5-10 м/с. Температура түнде -18…-20°C, күндіз -13…-15°C.
Өскеменде қар жауады, жел 1-6 м/с болады. Температура түнде -19…-21°C, күндіз -11…-13°C аралығында.
Тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жолға шыққанда сақ болу ескертіледі.
Атышулы Александр Машкевичтің артында қалған активтерін Дубайда тіркелген құпия компания өзіне қарата бастады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

