27 қаңтарға арналған ауа райына байланысты Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды. Әсіресе солтүстік және шығыс аймақтарда қар, бұрқасын және тұман күтілуде, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Жетісу облысының солтүстігі мен батысында түнде және таңертең тұман түседі. Алакөл көлдері аймағында күндіз желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігі мен орталығында түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Облыстың солтүстік-шығысында түнде 20-22 градус қатты аяз күтіледі. Ақтау қаласында көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде тұман болады. Петропавлда да тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және шығысында тұман түседі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі.
Абай облысының шығысы, оңтүстігі мен орталығында түнде қар жауып, бұрқасын соғады. Күндіз облыстың батысы, солтүстігі және орталығында қар мен боран жалғасады. Солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі, желдің жылдамдығы күндіз орталықта 15-20 м/с-қа жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында түнде қар жауып, бұрқасын көтеріледі. Күндіз облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында қар мен бұрқасын жалғасады. Солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі, түнде оңтүстік-шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысында көктайғақ күтілуде. Облыстың солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында тұман түседі. Қызылорда қаласында таңертең және күндіз көктайғақ пен тұман болуы ықтимал.
Ұлытау облысында қар жауып, боран соғады. Солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында тұман болады.
Қостанай облысының оңтүстігінде қар жауып, бұрқасын көтеріледі. Облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі.
Қарағанды облысында қар жауып, төменгі боран күтіледі. Батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде тұман болады.
Тұрғындарға жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтап, абай болу ұсынылады.
Маркетплейс арқылы тауар сататын кәсіпкерлердің табысы туралы ақпарат енді Мемкірістер комитетіне жіберіледі. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

