Лондондағы Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қарашығанақ кен орнының акционерлерімен арадағы дауға байланысты еліміздің ұстанымын заңды деп таныды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Бұл шешімді халықаралық сарапшылар Қазақстанның ірі мұнай жобаларын бақылаудағы батыл қадамы деп бағалап отыр. Қазақстан билігі Қарашығанақ консорциумының акционерлерінен 6 млрд доллардан астам қаражатты өтеуді талап еткен болатын.
Лондондағы халықаралық арбитраж соты елдің негізгі талаптарын қанағаттандырып, шығындарды өтеу бойынша Қазақстанның келісімінсіз төленген қаржыны заңсыз деп таныды.
Bloomberg агенттігінің мәліметіне сәйкес, өтемақы мөлшері 4 миллиард долларға дейін жетуі мүмкін. Қазақстан үкіметі үшін айтарлықтай жетістік, алайда консорциум өкілдері арбитраж шешіміне қатысты шағым түсіре алады.
Бұл шешім тек Қарашығанақ кен орнымен шектелмейді. Қазір осыған ұқсас шағым Қазақстанның ең ірі жобасы Қашаған кен орны бойынша да қаралуда. Ондағы дау сомасы рекордтық 160 миллиард доллар көлемінде.
Қазақстан билігінің мұндай ірі әрі маңызды істерде жеңіске жетуі елдің энергетикалық сектордағы беделін нығайтып, ірі инвесторлардың жауапкершілігін арттыра түседі деген сенім бар. Арбитраждың бұл шешімі Қазақстан үшін стратегиялық маңызды оқиға болып отыр.
Айтқандай енді маркетплейс арқылы тауар сататын кәсіпкерлердің табысы туралы ақпарат енді Мемкірістер комитетіне жіберіледі. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

