Алдағы тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, құбылмалы болады. Кейбір өңірлерде тұман, көктайғақ және боран күтіледі, деп жазады Ertenmedia.kz.
Елордада көшпелі бұлт шығып, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде секундына 1-6, күндіз 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 22-24 градус аяз, күндіз 8-10 градус аязды көрсетеді.
Алматыда да ауа райы жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт шығады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 6-8 градус аяз, күндіз 0-2 градус аяз шамасында болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығып, кей жерлерде қар жауады, бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күші секундына 8-13 метр болады. Ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз -1 мен +1 градус аралығында ауытқиды.
Ақмола облысында жауын-шашын болжанбайды. Өңірдің батысында, оңтүстігі мен шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 22-27, солтүстігінде 15 градус аяз, күндіз 5-10 градус аяз болады.
Таулы аймақтарда 15-20 градус аяз
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында түнде аздаған қар жауады, тұман түсуі ықтимал. Шығысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Температура түнде 5-10, солтүстігі мен таулы аймақтарда 15-20 градус аяз, күндіз -4 пен +1 градус аралығында болады.
Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде аздаған қар жауып, тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде 7-12, шығысы мен таулы аудандарда 17 градус аязды көрсетеді, күндіз 0-5 градус аяз.
Түркістан облысында қар жауады, бұрқасын болып, көктайғақ пен тұман күтіледі. Жел секундына 8-13 метр, солтүстігі мен таулы аймақтарда екпіні 15-20 метрге жетеді. Температура түнде 3-8 градус аяз, күндіз -2 мен +3 градус арасында болады.
Маңғыстау облысында жауын-шашын жоқ, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Температура түнде 5-10, солтүстік-шығысында 13-18 градус аяз, күндіз -3 пен +2 градус аралығында болады.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Жел секундына 5-10 метр. Температура түнде 17-22, оңтүстігі мен шығысында 26 градус аязға дейін төмендейді. Күндіз 7-12 градус аяз болады.
Қостанай облысында батысы мен солтүстігінде аздаған қар жауып, бұрқасын болады. Жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Температура түнде 14-19, оңтүстігінде 24 градус аяз, күндіз 5-10 градус аяз күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында да аздаған қар жауып, бұрқасын күтіледі. Желдің екпіні түнде және күндіз секундына 15-20 метрге жетеді. Температура түнде 15-20, оңтүстігі мен шығысында 23 градус аяз, күндіз 8-13 градус аяз болады.
Павлодар облысында ауа райы жауын-шашынсыз, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Жел секундына 9-14 метр. Температура түнде 20-25, күндіз 7-12 градус аяз.
Қарағанды облысында жауын-шашын болмайды, кей жерлерде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр. Температура түнде 15-20, солтүстігінде 25-30, күндіз 7-12 градус аяз.
Бұрқасын күтіледі
Ұлытау облысында да жауын-шашын болмайды. Тұман түседі деп күтіледі. Температура түнде 12-17, күндіз 5-10 градус аяз.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында қар жауып, тұман түсуі ықтимал. Жел секундына 9-14 метр. Температура түнде 13-18, шығысында 21 градус аязға дейін төмендейді.
Абай облысында жауын-шашын болмайды, тұман күтіледі. Жел шығыстан секундына 9-14 метр. Температура түнде 18-23, күндіз 8-13 градус аяз.
Қызылорда облысының оңтүстігі мен орталығында қар жауып, көктайғақ пен бұрқасын болады. Тұман күтіледі. Температура түнде 10-15, солтүстігінде 18-23 градус аязға дейін төмендейді.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында қар жауып, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Температура түнде 2-7, күндіз -3 пен +2 градус аралығында болады.
Синоптиктер алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауқымды антициклон ықпалында болатындықтан, ауа райының жауын-шашынсыз сақталатынын болжап отыр.
Айтпақшы, Жетісу облысында туризм саласын дамыту мақсатында кешенді шаралар қолға алынып, әсіресе Балқаш көлінің туристік әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөлінбекші.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

