Жеке кәсіпкер (ИП) жеңілдетілген декларация негізінде қызмет атқарған жағдайда бухгалтерлік есеп жүргізуге міндетті ме? Бұл сауалға Ertenmedia.kz мамандары жауап береді.
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Заңының талаптарына сәйкес болғанда. Болмаса жеке кәсіпкерлер төмендегі шарттарға бір мезгілде сай болған жағдайда бухгалтерлік есеп жүргізбеуге және қаржылық есептілік тапсырмауға құқылы:
Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолданса және бір күнтізбелік жыл ішіндегі табысы 135 000 АЕК-тен (2026 жылы – 583 875 000 теңге) аспаса;
Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінде тұрмаса;
Табиғи монополия субъектісі болып табылмаса.
Егер жеке кәсіпкер осы аталған шарттардың кем дегенде біреуіне сәйкес келмесе, онда мұндай жеке кәсіпкер бухгалтерлік есеп жүргізуге және қаржылық есептілік жасауға сол шарт бұзылған айдан кейінгі айдан бастап міндетті болады.
Биылдан бастап ҚР Салық кодексіне сәйкес электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) рәсімдеу тәртібіне бірқатар маңызды өзгерістер енгізілгенін білесіз бе?
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

