2 ақпанда еліміздің көптеген өңірінде ауа райы тұрақсыз болады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Ел аумағында қар жауып, бұрқасын соғады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр аралас қар жауып, кей жерлерде жауын-шашын күшейеді. Тек орталық пен шығыс аймақтарда ғана күн райы жауын-шашынсыз. Сондай-ақ елдің көп бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің екпіні күшейеді.
Астанада түнде ауа температурасы -14…-16 градус аралығында, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Күндіз -7…-9 градус, қар жауады, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 5-10 метр болады.
Алматыда түнде -1…-3 градус, күндіз +7…+9 градус жылы, жауын-шашын күтілмейді, оңтүстік-батыстан жел соғады.
Шымкентте түнде +4…+6 градус, күндіз +11…+13 градус жылы болады. Күн бұлтты, ара-тұра жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы секундына 8-13 метрге жетеді.
Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде қар жауып, бұрқасын соғады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін барады. Ауа температурасы түнде -15…-20, батыс аудандарда -23 градусқа дейін суытады. Күндіз -8…-13 градус аралығында болады. Көкшетауда күн жауын-шашынсыз, түнде -16…-18 градус, күндіз -10…-12 градус.
Алматы облысының батысында күндіз жаңбыр, солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ болады. Оңтүстік пен таулы аудандарда тұман түседі. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қонаев қаласында жауын-шашынсыз, түнде -4…-6 градус, күндіз +5…+7 градус жылы болады.
Жетісу облысының шығысы мен орталығында, таулы аудандарында жауын-шашын (қар, жаңбыр) күшейіп, көктайғақ болады. Алакөл маңында жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді. Талдықорғанда жауын-шашынсыз, түнде -11…-13 градус, күндіз +7…+9 градус жылы.
Түркістан облысында жаңбыр аралас қар жауып, жауын-шашын күшейеді. Түнде солтүстік және таулы аудандарда көктайғақ болады. Жел секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Түркістан қаласында түнде +2…+4, күндіз +8…+10 градус аралығында, жаңбыр мен қар жауады.
Батыста қар жауады
Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын соғады. Жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Оралда ауа температурасы түнде және күндіз -5…-7 градус шамасында, қар жауып, көктайғақ болады, тұман түседі.
Атырау облысының батысы мен солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, тұман түседі, көктайғақ болады. Атырау қаласында түнде -4…-6 градус, күндіз 0…+2 градус, күн бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында түнде -8 градусқа дейін суытады. Ақтауда түнде 0…-2 градус, жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауады, көктайғақ болады. Күндіз ауа температурасы +3…+5 градус, жауын-шашынсыз, тұман.
Ақтөбе облысының солтүстігі мен орталығында аздаған қар жауып, тұман түседі. Ақтөбеде ауа райы жауын-шашынсыз, түнде -7…-9 градус, күндіз -2…-4 градус суық болады.
Қостанай облысының батыс, солтүстік және оңтүстік бөліктерінде қар жауып, бұрқасын соғады. Жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Қостанайда түнде -11…-13 градус, күндіз -7…-9 градус аралығында, қар жауып, тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, боран соғады. Түнде -13…-18 градус, солтүстікте -21 градусқа дейін төмендейді. Петропавлда күн жауын-шашынсыз, түнде -13…-15, күндіз -11…-13 градус аяз болады, тұман түседі.
Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде қар жауып, бұрқасын соғады. Түнде -18…-23 градус, күндіз -12…-17 градус. Павлодар қаласында күн жауын-шашынсыз, түнде -19…-21 градус, күндіз -12…-14 градус аралығында.
Қарағанды облысында қар жауып, бұрқасын соғады. Облыстың басым бөлігінде тұман мен көктайғақ күтіледі. Қарағандыда түнде -10…-12, күндіз -1…-3 градус, қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады.
Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында қар жауып, бұрқасын соғады, тұман түседі. Жезқазғанда түнде -5…-7 градус, қар жауып, көктайғақ болады, күндіз -1…-3 градус, тұман.
Шығыс Қазақстан облысында күн жауын-шашынсыз, солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Өскеменде түнде -12…-14 градус, күндіз -8…-10 градус, қар жауады.
Абай облысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Семейде түнде -16…-18 градус, күндіз -5…-7 градус аралығында.
Қызылорда облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауып, бұрқасын соғады. Қызылорда қаласында түнде -4…-6 градус, күндіз -1…+1 градус аралығында, жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі, тұман түсіп, көктайғақ болады.
Жамбыл облысында жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ болып, тұман түседі. Таразда ауа райы жауын-шашынсыз, түнде +1…+3 градус, күндіз +9…+11 градус аралығында жылы болады, желдің екпіні күшейіп, тұман түседі.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

