Қазақстан мен Вьетнам сауда-саттық көлемін еселеп арттырып, өзара ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге ниетті.
Бұл туралы ұлттық экономика министрі, премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мен Вьетнам премьер-министрінің орынбасары Нғуен Хоа Бин арасындағы кездесуден кейін белгілі болды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Тараптар қандай уағдаға келді?
Тараптар 2026 жылға қарай екі ел арасындағы сауда айналымын кемінде екі есе өсіруге уағдаласып отыр.
Алдағы жылдары Қазақстан нарығында Вьетнам тауарларының үлесі артса, отандық өнім Оңтүстік-Шығыс Азияның ірі нарығына шығуға мүмкіндік алады.
Екі елдің экономикалық ынтымақтастығында басты назар азық-түлік өнімдеріне аударылмақ. Мысалы, Қазақстан сегіз жылдық үзілістен кейін Вьетнамға бидай экспортын қайта жандандырды. 2025 жылы алғаш рет 15 мың тоннадан астам астық жөнелтілді.
Сондай-ақ…
Былтырдан бастап логистиканы жеңілдеткен жаңа бағыттар іске қосылды. Енді жүкті контейнерден контейнерге қайта тиеп әуре болмай, өнім жылдамырақ әрі шығыны аз тасымалданады.
Бидаймен шектелмей, Қазақстан ұн, ет-сүт өнімдері мен майлы дақылдар экспортын ұлғайтуға мүдделі.
Жүкті жылдам әрі тиімді тасымалдау үшін Қазақстан тарапы вьетнамдық компанияларға Транскаспий халықаралық көлік бағытын («Орта дәліз») белсенді пайдалануды ұсынды. Бұл бағыт оңтүстік теңіз жолдарына қарағанда жүкті 3–4 есе жылдам жеткізуге мүмкіндік береді.
Әуе рейстері де көбейеді
Сонымен қатар, тараптар авиация саласындағы байланысты күшейту туралы да сөз қозғады. 2026 жылы VietJet Air әуе компаниясы Ханой – Алматы – Прага бағытында тұрақты рейстер ашуды жоспарлап отыр. Бұған қоса, Астана мен Ханой арасында тікелей рейстер ашу және Алматы – Хошимин бағытын қайта қалпына келтіру мәселелері де қаралуда. Осылайша, екі елдің азаматтары үшін туризм мен іскерлік сапарлардың жаңа мүмкіндіктері ашылмақ.
Айтқандай, бұған дейін экономист, бұғалтыр Гүлназ Телеуова Ұлттық экономика министріне үндеу жолдап, халықты қымбатшылықты қысып жатқанын мәлімдеген.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

