Белгілі әнші Тамара Асар әлеуметтік желідегі сұрамшақ әрі жылаңқы ерлердің көбейіп кеткенін сынға алды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Әнші жазбасында ертеректегі аңыз әңгімемен мысал келтірген.
Баяғыда Бармын деген байдың Болар және Соғар атты егіз ұлдары болыпты. Болар сабырлы, салмақты, ақылды, әкесіне жақын өседі. Ал Соғар керісінше тентек, сотқар, сөзге шешен әрі ұрыншақ екен.
Бір күні Соғар қарақшылардың қолына түсіп қалады. Олар «Ұлың аман қалсын десең, өз аяғыңмен кел!» деп хабар жібереді. Бармын бай қасына уәзірі мен Боларды ертіп, дереу жетеді.
Барса, қарақшылар Соғарды байлап, қорлап жатыр екен. Бір қарақшы найзасын Соғардың жүрек тұсына тіреп:
–Ұлыңа ие бола алмасаң, көзіңше өлтіремін, – дейді.
Сол сәтте шыдай алмаған Болар:
– Әке, мыналар Соғарды соймақшы ма? – деп айғайлап жібереді.
Сонда Бармын бай қатуланып:
– Жасы сорғалайтын сорлыны тапқан екенсің! Егер кешірілмес күнәсі болса, Аллаға өз қолыңмен тапсырдым. Ал жеңіл-желпі тентектік болса, шығынын өтейін, мәмілеге келейік! Еркек егіліп, езілсе ақыр заман келеді. Ұлым көз жасымды көрсе, екі баламнан да айырыламын! – деп ақырып, қарақшыға төне түседі.
Әкесінің мына сұсынан қорыққан қарақшы есінен танып құлап, Соғар аман қалыпты.
Осы мысал арқылы әнші Тамара Асар:
– Ағалар, інілер, азаматтар, сіздердің көз жастарыңызды ешкім көрмесін, ол жаман ырым. Интернетте жылап, қайыр сұрап, контент үшін құлап, сөзбен аямай сыбай салатын жігіттер көбейіп кеткен сияқты, – деп қазіргі қоғамдағы жағдайды сынады.
Сәнгер Аида Кауменова әнші, халық әртісі Роза Рымбаеваны сахнадағы шығармашылық жолының 50 жылдығымен құттықтап, әдемі көйлек тігіп берді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

