6 ақпанға арналған жұлдыз жорамалын астрологтар ұсынады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Тоқты
«Сыйлық әкелгендердің де сыйынан сақ бол! » деген дана сөз әлі күнге маңызын жоғалтқан жоқ. Бүгін соны есіңізде ұстаңыз.
Торпақ
Бүгін ұсақ-түйекке мән бермей, жағдайды тұтас қараңыз. Сонда көп нәрсе анық әрі қызықты болады.
Егіздер
Жалғыздық та ләззат сыйлайды, әсіресе сирек әрі қалағаныңыз болса. Дегенмен, ұзақ жалғыздықтың зиянды екенін де ұмытпаған жөн.
Шаян
Айналаңыздағылардың сынай қарап, жақтырмаған көзқарастарына мән бермеңіз. Мүмкін олар жай ғана қызғаныштан істеп отырған шығар. Ашуға бой алдырсаңыз, өзіңізге зиян келтіресіз.
Арыстан
Ой-қиялыңыз бүгін өзіңіздің физикалық мүмкіндіктеріңізден асып түседі. Артық күш жұмсап, шаршап қалмаңыз.
Бикеш
Бүгін ескертусіз ешқайда бармағаныңыз жөн, әйтпесе жабық есіктің алдында қалуыңыз мүмкін. Есесіне терең ойлану қабілетіңіз оянады.
Таразы
Бүгін өз ресурстарыңыз жеткіліксіз болуы мүмкін, қосымша стимул іздеуге тура келеді. Бірақ шамадан тыс әуестенбеуге тырысыңыз.
Сарышаян
Бүгін сізге мейірім мен қамқорлық керек. Жақын адамыңыздың қасына барыңыз, жоқ болса, біреумен танысыңыз. Егер бұған дайын болмасаңыз, үй жануарын асырап алыңыз. Тіпті, егеуқұйрық болса да…
Мерген
Жаңа таныстық үшін де, ескі қарым-қатынастарды қалпына келтіру үшін де тамаша күн. Осы күнді отбасыңыз бен жеке өміріңіз үшін тиімді пайдаланыңыз.
Тауешкі
Бүгін сіздің мереке тойлауға себеп туындауы әбден мүмкін. Мұндай мүмкіндікті жіберіп алмаңыз – атап өтіңіз!
Суқұйғыш
Айналаңызға назар аударып, өзгелердің қателіктерін қайталамауға тырысыңыз. Бүгінгі күн ерекше сәтті емес, кем дегенде бейтарап болуына күш салыңыз.
Балықтар
Ақыл-кеңесіңізге мұқтаж жанға көмектесіңіз. Көмегіңізден пайда болмайды деп ойласаңыз да, ұсынысыңыз қабылданады.
Егер күннің ортасында ішіңіз пысып кетсе, «Спанч Боб» мультфильміндегі Планктон туралы қызықты үзіндіні қарап шығыңыз. Міндетті түрде көңіліңіз көтеріледі!
Тілшілеріміз Түркияның Оңтүстік Кавказды толық бақылауға алып, Каспий теңізіндегі маңызды энергетикалық ресурстарға ие болғанын талдап жазды.
Әлемжелі арқылы қазақтардың сеніміне кіріп, жүздеген миллион теңгені айналдырған ерлі-зайыпты блогерлер Ерболат пен Елмира Жанәбіловтерге қатысты тергеу аяқталды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

