Қонаев қаласында өткен жастарға арналған маңызды кездесу еңбек көші-қонына қатысты өзекті мәселелерді қозғады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Жиын Мансап орталығы мен Халықаралық көші-қон ұйымының (IOM / UN Migration) бірлескен бастамасымен ұйымдастырылып, қатысушыларға шетелде еңбек етуге заңды түрде дайындалу жолдары мен маңызды ақпараттар ұсынылды.
Кездесудің негізгі мақсаты шетелге шығуды жоспарлаған азаматтарға нақты әрі сенімді мәлімет беру. Іс-шара барысында визалық талаптар, еңбек миграциясының кезеңдері және шетелде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қолжетімді бағдарламалар туралы жан-жақты ақпарат айтылды.
Халықаралық көші-қон ұйымының ұлттық бағдарлама қызметкері Светлана Бекмамбетова өз сөзінде еңбек мигранттарының құқығы мен міндеттерін түсіну аса маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, заңсыз жұмыс істеудің арты адам саудасына ұласып кетуі мүмкін. Сондықтан кездесуде шетелдік жұмыс берушіні тексеру жолдары, еңбек шартын мұқият оқу маңыздылығы кеңінен талқыланды.
Кездесу екі сессиядан тұрды. Бірінші бөлімде шетелге шығудың заңдық аспектілері мен құжаттарды рәсімдеу мәселелері қаралды. Мұнда мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, еңбек шартын дұрыс рәсімдеудің тәсілдерімен бөлісті.
Екінші бөлім интерактивті ойын түрінде ұйымдастырылып, нақты өмірлік мысалдар арқылы қатысушылардың дұрыс шешім қабылдау дағдылары жетілдірілді. Ойын барысында жастар еңбек миграциясындағы қауіп-қатерлер мен тәуекелдерді бағалап, өз құқықтарын қорғау жолдарын үйренді.
Жалпы, Қазақстанда көші-қон қызметтері цифрлық форматқа көшіріліп, шетелде еңбек етуге дайындық орталықтары ашылуда. Мұндай орталықтар құжат рәсімдеу мен қажетті кеңес алуды жеңілдетеді.
Осы кездесулер жастардың саналы әрі жауапты шешім қабылдауына, заңсыз еңбек миграциясының алдын алуға септігін тигізеді. Ақпараттанған азамат қорғалған азамат. Сол себепті, мұндай бастамалар еліміздің әлеуметтік тұрақтылығы мен азаматтарымыздың құқықтық қауіпсіздігі үшін аса маңызды.
Танымал әзілкеш Нұрлан Сабыровқа Ресей аумағына кіруге жарты ғасырлық тыйым салынды. Кремль билігі бұған әзілкештің соғысқа қатысты сыны мен қаржылық заңмананы бұзуын себеп қылған.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

