Онколог Алексей Шевчук адам ағзасындағы папилломалардың кейбір түрлері қатерлі ісікке айналуы мүмкін айтты, деп жазады Ertenmedia.kz.
Папилломалар адамның папиллома вирусы (АПВ) жұққаннан кейін тері мен шырышты қабаттарда пайда болатын түзілістер.
Мамандардың айтуынша, бүгінде АПВ-ның 200-ден астам түрі анықталған. Олардың арасында қатерлі ісікке әкелетін түрлері бар. Атап айтқанда, олар жатыр мойны, жыныс мүшелері, вульва, қынап, анальді аймақ және көмей ісіктерін тудыруы мүмкін.
«Әрбір папиллома мұқият бақылауды қажет етеді. Оның тез үлкеюі, гиперпигментацияның пайда болуы немесе қан кетуі дәрігерге дереу жүгінуді талап етеді», – дейді Алексей Шевчук.
Мұндай белгілер вирус тудырған папилломаның қатерлі ісікке айналуы немесе тіпті басқа себептен, мысалы, меланома сияқты қауіпті ауруға айналуынан хабар беруі мүмкін.
Онколог мамандар кез келген папилломаны қауіпсіз түзіліс деп қарамауға кеңес береді. Сондықтан аталған белгілер байқалса, уақыт созбай дәрігердің кеңесіне жүгінген жөн.
Кремль Иранға жасырын жолмен шамамен 2,5 миллиард доллар қолма-қол ақша жөнелтіп, санкциядан қысылған әрі ел ішіндегі наразылықтан шатқаяқтаған аятолла Хаменеидің билігін қолдап келгені белгілі болды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

