Алматыда инклюзивті спортты дамытып, параспортшыларға қолдау көрсететін жаңа спорт кешенінің құрылысы басталды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Спорттық орталық мүмкіндігі шектеулі жандар үшін спорт инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Екі қабатты заманауи кешеннің жалпы ауданы – 7,6 мың шаршы метр.
Мұнда бассейндер, әмбебап әрі жаттығу залдары, үстел ойындары, үстел теннисі мен садақ атуға арналған арнайы бөлмелер, сондай-ақ конференц-зал орналаспақ.
Жаңа инклюзивті спорт орталығында жүзу, жеңіл атлетика, пауэрлифтинг, бадминтон, үстел теннисі, дзюдо, таэквондо, отырып ойнайтын волейбол, голбол, бочча, арба биі, паравелоспорт, ату спорты және басқа да бейімделген спорт түрлерінен жаттығулар ұйымдастырылады.
Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың тамыз айында басталды. Спорт кешенін толық пайдалануға беру 2026 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланып отыр.
Алматыда Конституциясының жаңа жобасын талқылауға арналған қалалық мәслихат пен Қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

