11 ақпан, сейсенбі күні еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей өңірлерде қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ сақталады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Астанада көшпелі бұлт шығып, кейде аздап қар жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде -16…-18, күндіз -4…-6 градус аязды көрсетеді.
Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, бірақ түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Түнде -10…-12 градус суық болса, күндіз 0…+2 градус жылылық байқалады.
Шымкентте күн бұлтты болып, жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Сонымен қатар тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Түнде -2…-4 градус аяз, күндіз 0…+2 градус жылы.
Түркістанда да дәл осындай ауа райы сақталып, түнде -3…-5 градус аяз, күндіз 0…+2 градус жылы болады.
Қонаев қаласында түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ байқалады. Түнде -13…-15 градус суық, күндіз 0…-2 градус аяз болады.
Талдықорғанда күн жауын-шашынсыз өтеді. Түнде -21…-23, күндіз -0…-2 градус аяз.
Ақтауда күн бұлтты болып, күндіз жаңбыр аралас қар жауады. Түнде -3…-5 градус суық, күндіз 0…+2 градус жылы болады.
Атырауда күн ашық, жауын-шашын болмайды. Түнде -6…-8 градус, күндіз 0…-2 градус аяз.
Аяз құрсауында
Оралда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде -10…-12, күндіз -3…-5 градус аяз болады.
Ақтөбеде ауа райы ашық, түнде -15…-17 градус аяз, күндіз -3…-5 градус суық сақталады.
Қостанайда жауын-шашынсыз, кейде тұман болады. Түнде -10…-12, күндіз -4…-6 градус аяз күтіледі.
Петропавлда күндіз аздап қар жауып, боран соғуы мүмкін. Түнде -9…-11, күндіз -4…-6 градус суық.
Павлодарда күн жауын-шашынсыз, күндіз жолдарда көктайғақ болады. Түнде -10…-12, күндіз -1…-3 градус аяз.
Қарағандыда күн ашық, кейде тұман түседі. Түнде -14…-16, күндіз -4…-6 градус аяз.
Жезқазғанда күн бұлтсыз, жауын-шашын болмайды. Түнде -16…-18, күндіз -7…-9 градус суық.
Семейде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, түнде -13…-15 градус, күндіз -5…-7 градус аяз.
Өскеменде ауа райы жауын-шашынсыз болады, түнде -13…-15, күндіз -5…-7 градус суық сақталады.
Қызылордада ауа райы жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман болады. Түнде -6…-8 градус аяз, күндіз 0…+2 градус жылы.
Таразда күндіз таулы аудандарда қар жауып, тұман түседі. Түнде -4…-6 градус аяз болса, күндіз +2…+4 градусқа дейін жылынады.
Мамандар жүргізушілерге жолда сақ болуды ескертеді.
WhatsApp қолданушылары жақын арада көптен күткен жаңа мүмкіндікке ие болады. Мессенджердің веб-нұсқасы арқылы компьютерден тікелей дауыс және бейнеқоңырау жасай аласыздар.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

