Абай облысында қар тазалау жұмыстары тәулік бойы жалғасуда. Коммуналдық қызметтер мен жол тазалау мекемелері елді мекендер мен автокөлік жолдарында күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бесқарағай ауданында жыл басынан бері 10 780 текше метр қар шығарылған. Аудан орталығындағы 42 көшені қардан тазалауға 4 арнайы техника мен 8 жұмысшы жұмылдырылды. Сонымен қатар, 158 су өткізу құрылымының су ағарлары тазартылып, су тасқынына қарсы 6 200 қап дайындалды.
Көкпекті ауданында биылғы қардың қалыңдығы әдеттегіден әлдеқайда көп. «Қазгидромет» мәліметінше, қар қалыңдығы 60 сантиметр, жердің қату тереңдігі 98 сантиметрге жеткен. Аудан аумағындағы 500,6 шақырым жолды тазалауға 17 арнайы техника жұмысқа кіріскен. Осы уақытқа дейін 2 000 текше метр қар шығарылды.
Бородулиха ауданында күн сайын 18 арнайы техника, оның ішінде 12 жүк көлігі қар тазалауға жұмылдырылып отыр. Бүгінгі күнге дейін аудан аумағынан 28 500 текше метр қар шығарылды. Әлеуметтік нысандар мен жаяу жүргіншілер жолдары бірінші кезекте тазартылуда.
Аягөз ауданында қар тазалау жұмыстарына күнделікті негізде 12 арнайы техника тартылған. Аудан бойынша осы кезге дейін 15 900 текше метр қар шығарылды.
Үржар ауданында қардың ерте және қалың түсуіне байланысты тазалау жұмыстары үздіксіз режимде жалғасып жатыр. Аудан бойынша 47 арнайы техника, республикалық маңызы бар жолдарда 10 техника жұмылдырылған. Қазіргі уақытта 3 000 текше метрге жуық қар шығарылған.
Өңірде тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік қозғалысының үздіксіздігін сақтау мақсатында қар тазалау жұмыстары тәулік бойы жалғасады.
Семей қаласындағы №6 гимназияның жағдайымен танысқан Абай облысының әкімі Берік Уәли білім ордасының күрделі мәселелерін шешуге тиісті тапсырмалар бергенін тілішлереміз жазған болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

