Бүгін Түркістан облысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясы құрылды. Конституциялық реформаларды халық арасында кеңінен түсіндіру және осы тарихи бастамаларды қолдау бағытында жүзеге асырылатын жүйелі жұмыстың маңызды кезеңі болып отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Өңірлік коалиция құрамына 5 саяси партияның облыстық филиалдары, беделді қоғам қайраткерлері, танымал заңгерлербар. Сонымен қатар мәслихат депутаттары, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, тәжірибелі сарапшылар енді. Жалпы саны 457 адамнан құралған өңірлік штаб мүшелері барлық аудан-қалаларда, халықтың түрлі әлеуметтік топтарымен жалпы саны 1959 кездесу өткізіп, конституциялық реформалардың аясындағы жаңа құқықтық нормаларды түсіндіреді.
Конституциялық реформа жөніндегі кеңестің мүшесі Нұралы Әбішов жаңа Конституция жобасының ұсынылуы еліміздің саяси әрі құқықтық дамуының жаңа дәуірін бастайтынын айтып, мұның тарихи шешім екенін атап өтті.
– Ендігі басты міндетіміз осы реформалардың мәні мен мазмұнын халыққа қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізу. Әрбір азамат ұсынылып отырған өзгерістердің маңызын терең түсініп, оның еліміздің болашағына тигізетін әсерін айқын сезінуі қажет. Бұл шара қоғамдағы құқықтық мәдениетті көтеріп, әр азаматтың азаматтық жауапкершілігін арттыруда өте маңызды. Реформалардың нәтижелі болуы ең алдымен халықтың сенімі мен қолдауына тікелей байланысты», – деді Нұралы Әлмаханұлы.

Жиын барысында сөз алған «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев коалицияның құрылуы қоғамды ортақ мақсатқа біріктірудің нақты дәлелі екенін айтты. Ал «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреева сөз сөйледі. Ол елордада құрылған Жалпыұлттық коалицияның құрылуы халықтың жаңа Конституцияға деген жауапкершілігі мен қызығушылығының жоғары екенін көрсетеді деп атап өтті.
Штаб мүшелері Қазақстан Халықтық партиясының өкілі Искак Ахметов та ойын ортаға салды. Ал профессоры Сәбит Баймахамбетов те бұл реформалардың ұзақ жылдар бойы күткен халық сұранысының жемісі әрі бәсекеге қабілетті, заманауи мемлекет құрудың берік негізі екенін жеткізді.
Контекст
Жалпы алғанда, Түркістан облысында 1 миллион 195 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Конституциялық реформалар мен алдағы референдумды қолдау мақсатында партия филиалдары жанынан 18 өңірлік коалиция құрылып отыр. Олардың құрамына «AMANAT», «Ауыл», «Ақ жол», «Қазақстан Халықтық партиясы» және «Respublica» партияларының өкілдері кірді.
Өңірлік коалицияның құрылуы конституциялық реформаларды насихаттаудың тиімді құралына айналмақ. Алдағы уақытта коалиция мүшелері халықпен ашық әрі жүйелі диалог жүргізіп, жаңа Конституцияның мәні мен мазмұнын кеңінен түсіндіру жұмыстарын жалғастырады.
Алматыда Аида Балаеваның қатысуымен Жалпыұлттық коалициясының шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесуі өтті.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

