Белгілі әнші Тоқтар Серіков желіге жастық шағындағы суретін жариялап, өткен күндерді сағынышпен еске алды, деп жазады Ertenmedia.kz.
– Қайран, жастық шақ-ай! Алдымызда не күтіп тұрғанын білместен арман қуып, шапқылап жүрген кездеріміз-ай! Сол сәттердің қазір тек суретте қалғаны өкінішті. Қартайып тұрған ештеңеміз жоқ қой, бірақ өткен уақытты қайтаруға шарамыз жоқ. Өкініштісі сол ғана, – деп жазды әнші.
Әншінің бұл жазбасы оқырмандарының да жүрегін қозғап, көпшілік өткен шақтағы тәтті естеліктерімен бөлісті.
Кейбірі «Сіз қазір де сол кездегідей сымбаттысыз! », «Әр кезеңнің өз қызығы бар ғой, ағасы! », «Жастық шақ кетсе де, жаныңыз жас қой» деп әншіге қолдау білдіріп жатыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







