15 наурызда өтетін республикалық референдумға дайындық аясында Алматы облысында тұрғындарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары кең көлемде жүргізіліп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz.
Алматы облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Мейрамгүл Айтова азаматтарға дауыс беру тәртібін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
– Егер азамат дауыс беру күні, яғни 15 наурызда өзінің тіркелген жерінен басқа жерде болса, онда ол 14 наурыз күні сағат 18:00-ге дейін өз учаскелік комиссиясына жазбаша өтініш беріп, жеке куәлігін көрсетуі керек. Осы өтініш негізінде есептен шығару куәлігі беріледі.
Бұл куәлік азаматқа референдум өтетін күні болатын жеріндегі кез келген учаскеде дауыс беруге мүмкіндік береді. Есептен шығару куәлігін өкіл арқылы да алуға болады, мұндай жағдайда сенімхатты нотариалды куәландыру міндетті емес. Алайда, құжат жоғалса, қайтадан берілмейді, телнұсқасы да жасалмайды. Бір елді мекен шегіндегі басқа учаскеге ауысу үшін есептен шығару куәлігі берілмейтінін ескерген жөн, – деді Мейрамгүл Айтова.
Сонымен қатар тұрғындар өздерінің дауыс беру учаскесін бірнеше жолмен анықтай алады:
ЖСН арқылы ресми веб-сервис көмегімен;
Бірыңғай iKomek орталығы арқылы – 109;
Облыстың ақпараттық-анықтамалық картасы арқылы;
Арнайы Telegram-бот арқылы.
Call-орталықтардың байланыс нөмірлері (жұмыс уақытында):
Алматы облысы – 109
Қонаев қаласы – 8 (72772) 22111
Алатау қаласы – 8 (727) 304 26 29
Балқаш ауданы – 8 (72773) 95 496
Еңбекшіқазақ ауданы – 8 (72775) 72 371
Жамбыл ауданы – 8 (72770) 22 340
Іле ауданы – 8 (72752) 20 892
Қарасай ауданы – 8 (72771) 29 981
Кеген ауданы – 8 (72777) 21 170
Райымбек ауданы – 8 (72779) 21 994
Талғар ауданы – 8 (72774) 21 284
Ұйғыр ауданы – 8 (72778) 21 739
Алматы облысы әкімдігі тұрғындарды алдағы референдумға белсенді қатысып, ел болашағы үшін маңызды шешім қабылдауға шақырады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







