Қазақстанның Көлік министрлігі мен отандық әуе компаниялары Таяу Шығыста қалған азаматтарды елге жеткізу жұмыстарын белсенді түрде жалғастырып жатыр деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
3 наурызда FlyDubai әуе компаниясы Дубайдан Астана мен Алматыға екі рейс орындап, 306 қазақстандықты елге жеткізді. Оның 151-і Астанаға, 155-і Алматыға қонды.
«Air Astana» әуе компаниясы Сауд Арабиясынан жоспарланған эвакуациялық рейстерді іске қосты. Бүгін Мединадан екі Airbus A320 ұшағымен 290 азамат, Джиддадан екі Airbus A321 ұшағымен 339 азамат эвакуацияланады.
SCAT әуе компаниясы Алматы – Маскат (Оман) – Алматы бағытындағы рейсті жоспарлап отыр. Boeing 767 ұшағымен орындалатын рейстің сыйымдылығы – 290 адам. Ұшақ Алматыдан жергілікті уақыт бойынша 19:00-де ұшады.
Министрліктің хабарлауынша, Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты әуе компаниялары эвакуациялық рейстерді жалғастыруға толық дайын.
Қазақстанның Азаматтық авиация әкімшілігі жанынан тәулік бойы жұмыс істейтін арнайы колл-орталық ашылды:
+7 7172 77 98 21,
+7 7172 79 82 13,
+7 7172 79 82 14.
Рейс мәртебесі туралы ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады:
Air Astana:
+7 727 244 44 77,
+7 7172 58 44 77,
+7 702 702 44 77;
FlyArystan:
+7 727 331 10 10, WhatsApp: +7 702 702 02 27;
SCAT:
+7 7252 99 88 80;
Qazaq Air:
+7 727 356 14 14;
Астана халықаралық әуежайы:
+7 7172 702 999;
Алматы халықаралық әуежайы:
+7 727 228 00 19.
Қазақстанның Таяу Шығыстағы дипломатиялық өкілдіктерімен байланыс нөмірлері:
ҚР Сыртқы істер министрлігі:
+7 7172 72 05 00 (консулдық қызмет),
+7 7172 72 01 11 (кезекші дипломат);
Ирандағы ҚР Елшілігі (Тегеран):
+98 21 2256 5933,
+98 936 208 4672 (WhatsApp);
ҚР Бас консулдығы (Горган):
+98 912 298 0350,
+98 173 252 0443,
+7 701 771 34 01 (WhatsApp);
ҚР Консулдығы (Бендер-Аббас):
+98 930 298 5703 (WhatsApp);
ҚР Елшілігі (Иордания):
+962 777 688 885;
ҚР Елшілігі (БАӘ):
+971 50 508 5226,
+971 2 449 8778;
ҚР Бас консулдығы (Дубай):
+971 50 570 1978;
ҚР Елшілігі (Сауд Арабиясы):
+966 55 663 0177;
ҚР Елшілігі (Катар):
+974 5064 9955,
+974 5100 0733;
ҚР Елшілігі (Кувейт):
+965 6704 2545;
ҚР Елшілігі (Ливан):
+961 4713 467,
+961 4713 447;
ҚР Бас консулдығы (Бахрейн):
+973 3348 0890;
ҚР Елшілігі (Израиль):
+972 3 503 78 85,
+972 54 878 4608 (WhatsApp),
+972 53 272 1815 (WhatsApp),
+7 701 731 41 77 (WhatsApp).
Азаматтарға сабыр сақтап, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге, авиакомпаниялармен және Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерімен тұрақты байланыста болуға кеңес беріледі. Мемлекет әрбір азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







