Анар ерекше дәмімен ғана емес, ағзаға пайдалы қасиеттерімен де танымал жеміс. Оның шырыны ерте заманнан бері денсаулық пен жастықты сақтаудың тиімді құралы ретінде қолданылып келеді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Анар шырынын күнделікті ішу қаншалықты қауіпсіз және оның ғажайып емдік қасиеттері асыра бағаланған емес пе?
Анар шырынының пайдалы екені рас, бірақ ол кейбір дереккөздерде айтылғандай «барлық ауруға қарсы шипа» емес. Мамандардың айтуынша, анар шырынын қолдану емнің дәстүрлі әдістері мен дәрі-дәрмектердің орнын толық алмастыра алмайды.
Анар шырыны ағзаны нығайту үшін пайдалы болғанымен, оны тұтынарда денсаулығыңыздың ерекшеліктерін ескеріп, алдын ала дәрігермен кеңескен жөн. Әсіресе асқазанның қышқылдығы жоғары, асқазан жарасы немесе аллергияға бейімділігі бар адамдар абай болуы қажет.
Анар мен оның шырыны қатерлі ісікке қарсы
Зерттеулерге сүйенсек, анардың құрамындағы эллаг қышқылы рак клеткаларының бөлінуін тоқтатуға қабілетті. Бұл қышқыл рак жасушаларының өзін-өзі жою процесі – апоптозды іске қосады.
«Анардың қатерлі ісікке қарсы әсері ғылыми тұрғыдан дәлелденген», – дейді мамандар. «Әсіресе сүт безі, қуықасты безі және ішек қатерлі ісігі сияқты ауруларға қарсы оның тиімділігі зерттеулер арқылы расталған».
Алайда кез келген өнім сияқты анар шырынын да мөлшерінен тыс тұтыну кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан, мамандардың пікірінше, анар шырынын күн сайын бір стақаннан артық ішпеу керек. Денсаулықты сақтау үшін ең тиімді жол – рациондағы тепе-теңдікті сақтау және дәрігердің ұсыныстарын ұстану.
Мамандар дене қызуы көтеріліп, ауырып қалғанда ыстық ваннаға түспеуге кеңес береді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







