Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында Қазақстан Премьер-лигасының І туры аясында «Ақтөбе» мен «Тобыл» футбол клубтарының арасындағы кездесу өтті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Матчтың ерекшелігі спорттық шараның жастардың ел өміріндегі маңызды саяси бастаманы қолдау акциясымен үйлесімді түрде бірігуі болды.
Футбол мерекесі Түркістан жастарының ел патриотизмін көрсеткен әсерлі флешмобымен ашылды. «Жастар VIBE» би тобының орындауындағы «Рух» биі жастардың бірлігін, туған елге деген сүйіспеншілігін ерекше паш етіп, көрермендердің қошеметіне ие болды. Бұдан кейін Түркістан қаласының өнерпаздары сахнаға шығып, патриоттық әндер орындап, стадионға жиналған жанкүйерлердің көңілін көтеріп, кештің мазмұнын байыта түсті.

Шара барысында алдағы референдумның саяси және қоғамдық маңызын жастар арасында кеңінен түсіндіру мақсатында сөз алған «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Еркебұлан Мадиярұлы жастарды саяси науқандарға белсене қатысуға шақырды. Оның айтуынша, жастардың саяси белсенділігі мемлекеттің жарқын болашағының кепілі.
Стадиондағы жанкүйерлер Қазақстан Республикасының көк Туын және «Референдум» жазуы бар үлкен баннер көтеріп, жастардың елдегі маңызды қоғамдық-саяси процестерге бей-жай қарамайтынын көрсетті. Сонымен қатар, матч үзілісі кезінде стадион экранында арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, көрермендерді референдумның мәнімен таныстырды.

Футбол ойыны аяқталған соң да, жастардың қоғамдық белсенділігі тоқтаған жоқ. Олар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында стадион аумағын тазартуға белсене кірісіп, жауапкершілік пен мәдениеттің жоғары үлгісін көрсетті.
Осылайша Түркістанда өткен бұл спорттық шара тек футболмен шектелмей, жастарды елдік мүдделер мен саяси бастамаларды қолдауға бағытталған маңызды әрі мазмұнды іс-шара ретінде есте қалды.
Түркістан музыкалық-драма театрында өткен мерекелік шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысты. Ол барша әйелдер қауымын көктемнің шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







