Электромобильдер Қазақстанда қарқынды дамып келеді, алайда ұзақ сапарға шықпас бұрын арнайы дайындықты талап етеді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бірақ электромобильдер дәстүрлі бензинді көліктерге қарағанда әлдеқайда басқаша. Ertenmedia тілшілері Auto сарапшылардың көмегімен алыс сапар алдында электромобиль иелеріне арналған маңызды ұсыныстарды әзірледі.
Сапар алдындағы дайындық
Авто саласының маманы Рамиль Дәулетгильдиев ұзақ жолға шықпас бұрын жол бойында зарядтау станцияларының бар-жоғын мұқият тексеруге кеңес береді. Бұл үшін арнайы мобильді қосымшалар бар, оларда зарядтау станциялары туралы барлық ақпарат көрсетілген. Мұндай қосымшаларға жанармай құю станциялары да кіреді.
Автокөлік сарапшысы Эдуард Эдоков Алматыдан Қарағандыға дейінгі алғашқы сапары туралы бөлісті. Оның айтуынша, электромобильмен ұзақ сапар жасағанда маршрутты алдын ала жоспарлау маңызды. Ол жолда мобильді қосымшаларды қолданып, жасанды интеллект көмегіне жүгінген.
«Жасанды интеллект маған жылдамдық, қозғалыс тәртібі секілді барлық қажетті параметрлерді есептеп берді», – дейді сарапшы.
Қандай факторлар батареяны тезірек төмендетеді?
Авто маманның айтуынша, электромобильдің жүру қашықтығы бірқатар факторларға байланысты:
Ауа температурасы төмен болғанда батареяның сыйымдылығы шамамен екі есе азаяды.
Өрге көтерілу төмен түсуге қарағанда көп қуат жұмсайды.
Қарсы жел энергия тұтынуды көбейтеді.
Жоғары жылдамдық батареяның жылдам төмендеуіне әкеледі, трассадағы оңтайлы жылдамдық – 90–100 км/сағ.
«Әсіресе суық ауа райы электромобильдің жүріс қашықтығына айтарлықтай әсер етеді, себебі бұл кезде пеш қосылады, батарея жылытылады және суықтан батареяның сыйымдылығы төмендейді», – дейді ол.
Эдуард Эдоков та бұл пікірді қолдайды және батареяны ең көп жұмсайтын фактор – суық екенін айтады.
«Бензинді көлікте қозғалтқыш жылуы арқылы жылынса, электромобильде жылу батареядан келеді. Қыста жалпы энергия шығынының 30%-ы салонды, орындықтарды, рөлді және басқа да жүйелерді жылытуға кетеді», – деп түсіндірді Эдоков.
Сонымен қатар сарапшы шина қысымын қадағалауға кеңес береді. Өйткені бұл да энергия шығынына әсер етеді.
«Шиналар қысымы төмен болса, батарея тезірек таусылады, сондықтан қысымды әрдайым ұсынылған деңгейде ұстау қажет», – дейді ол.
Жылдамдық таңдау
Эдуард Эдоков Қарағандыға бара жатқанда орташа жылдамдығы шамамен 115 км/сағ болғанын айтты. Қайтарда ол 110 км/сағ жылдамдықпен жүрген.
«Жылдамдықты 140 км/сағ-қа дейін көтергенде энергия шығыны айтарлықтай артты», – деп атап өтті сарапшы.
Егер сізде батарея үлкен болса және жол бойында зарядтау станциялары көп болса, рұқсат етілген максималды жылдамдықпен де жүруге болады.
«Егер батареяңыз 100 кВт-сағ болса, жол бойында әр 150–200 км сайын зарядтау станциялары болса, онда максималды жылдамдықпен қозғала аласыз. Ал батареяңыз шағын болса, жолда мұқият жоспар жасау керек», – дейді Эдуард.
Айтқандай авто механик жаңа әйнек тазартқыштарды сатып алмас бұрын, сарапшы олардың ұзындығын дұрыс өлшеу турасында тілшілерімізге кеңес берген берді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







