Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыстан кейін Тегеранның ықпал ету аумағы кеңейіп, өңірдегі көптеген елдердегі оқиғаларға әсер етуде, деп жазады Ertenmedia.kz.
Болып жатқан жағдайды нақтырақ түсіну үшін абстрактілі модельдеуге иек артуға тура келіп тұр. Елестетіп көріңізші, үлкен шеңбер, оның ішінде тағы бір кішкентай шеңбер орналасқан. Мұнада осындай екі түрлі модель бар.
Бірінші жағдайда, кішкентай шеңбердегі қақтығыс үлкен шеңберге таралмай, бір орында қалады. Украинадағы жағдай осыған айқын мысал болары сөзсіз.
Әлемнің көптеген елдері бұл қақтығыстың ауқымы кеңейіп кетпеуіне мүдделі.
Ал екінші типтегі модель әлгі кішкентай шеңбердегі жергілікті қақтығыстың үлкен шеңберге, яғни, тұтас аймаққа жайылып, бүкіл өңірлік қауіпсіздікті шайқалтуы.
Ирандағы қазіргі жағдай осыған ұқсас. Иран мен АҚШ арасындағы, Иран мен Израиль арасындағы қақтығыстың салдары мыңдаған шақырым жердегі елдерге де әсер етіп жатыр.
Айталық, америкалық сүңгуір қайық Шри-Ланка жағалауында Иранның қуатты әскери кемесін жойып жіберді. Нәтижесінде, Шри-Ланка да бұл жағдайға қалай жауап берерін білмей, абдырап қалды.
Шынын айтқанда, дәл қазіргі жағдайда тек Иран мен АҚШ қақтығысына назар аударып, өзге процестерді елемеу дұрыс емес. Мәселен, бір ай бұрын Дубай немесе Эр-Риядта тұрып, көпшілік бұл аймақтарда да Украинадағыдай зымыран шабуылдары болады деп ойламаған еді.
Саясаткерлер, сарапшылар, тіпті барлаушылардың өзі бұл жағдайды дәл болжай алмағаны анық. Өйткені, бұл мүлдем басқа сипаттағы қақтығыс. Егер бұл Армения мен Әзербайжан арасындағы жанжал болса, оның әсері шекаралас елдерден ары аспас еді.
Алайда, Ирандағы жағдай мүлдем басқа сценарий бойынша өрбіп жатыр. Қақтығыс бір мезетте он бес елді шарпып өтті. Дәл осы ерекшелігімен Ирандағы қақтығыс әлем үшін жаңа әрі тосын құбылысқа айналды.
Айтқандай сарапшылар, Ирандағы билік басына Әли Хаменеидің ұлы Моджтаба келсе, режимнің КСИР-ға толықтай бағынышты болатынын айтып қалды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







