Олжас Бектенов Үкімет отырысында Жолдауды жүзеге асыру бойынша Қаржы, Ұлттық экономика және Жасанды интеллект министрліктері цифрлық құралдарды пайдалануды кеңейтіп, бюджет рәсімдерінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен қолдануды тапсырды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
«Бюджет қаражатын мақсатсыз немесе тиімсіз пайдалану тәуекелдерін анықтаумен қоса, бюджет процесінің барлық кезеңдерінде толық форматты-логикалық бақылауды үздіксіз жүргізуді және деректерді автоматты түрде қайта тексеруді қамтамасыз ету қажет. Цифрлық шешімдер онлайн-мониторинг жүргізуге, деректер мен бюджеттік операцияларға нақты уақыт режимінде аудит жасауға мүмкіндік беруі тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Қаржы министрлігіне қазынашылықтың ақпараттық жүйесін құру, сондай-ақ бюджет кірістері мен шығыстарын мемлекеттік басқарудың ақпараттық жүйелерін интеграциялауды қамтамасыз ету тапсырылды.
«Бұл ретте бюджет шығыстарының барлығы нақты басымдықтар бойынша айқындалып, экономикалық қайтарымның барынша жоғары болуына баса назар аударылуы тиіс», — деп атап өтті Премьер-министр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







