Түркістан облысы Сайрам ауданының Ақсу ауылында еліміздегі Конституциялық реформаны қолдау мақсатында ерекше мурал салынды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Жаңа туынды саяси жаңғыруды, әділетті қоғам құруды және жаңа Конституцияға деген халықтың қолдауын бейнелейді. Муралдың көлемі – 22×9 метр.
Тұрғындардың көп шоғырланатын жерінде Абылай хан көшесіндегі «Ынтымақ» аллеясының жанында орналасқан бұл туынды, ауданның көркіне көрік қосып қана қоймай, жұртшылық жиі келетін тартымды фотозонаға да айналмақ.
Аталған игі бастама ауданның зиялы қауым өкілдері, кәсіпкерлер мен азаматтық қоғам белсенділерінің қолдауымен жүзеге асты.
Муралдың ашылу салтанатына ауданның ақсақалдары мен әжелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, ұстаздар қауымы және белсенді жастар қатысты. Жиын барысында тұрғындар Конституциялық реформаға қатысты пікір білдіріп, ел болашағына деген сенімдері мол екенін жеткізді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







