Түркістан облысында 15 наурыз республикалық референдум күні бірқатар қалаларда қоғамдық көлік қызметі тегін болады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бұл бастама облыс тұрғындары үшін маңызды саяси шараға қатысуды жеңілдету мақсатында ұйымдастырылған.
Атап айтқанда, Түркістан, Кентау, Шардара, Сарыағаш және Арыс қалаларында қоғамдық көліктер референдум күні ақысыз қатынайды. Тегін жүру мүмкіндігі барлық автобус бағыттарын қамтиды. Бұл тұрғындардың дауыс беру учаскелеріне баруын ыңғайлы әрі қолжетімді етпек.
Еске сала кетейік, дауыс беру учаскелері 15 наурыз күні таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Өңір тұрғындары осы уақыт аралығында референдумға қатысып, өз таңдауын жасай алады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







