Дүниежүзінің бірқатар елінде танымал балық-педикюрі қауіпті екенін назардан шығармаңыз, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бұл процедура кезінде ұсақ гарра руфа балықтары аяқтың қатып қалған терісін жеп, теріні жұмсартады. Алайда мамандар оның ВИЧ, С гепатиті сияқты қауіпті инфекцияларды жұқтыру қаупі бар екенін ескертіп отыр.
Мамандардың айтуынша, инфекция балықтардан адамға тікелей жанасу кезінде немесе су арқылы жұғуы мүмкін. Өйткені гарра руфа балықтары теріні тазалаған кезде микро жарақаттар пайда болып, вирустар ағзаға сол жарақаттар арқылы енеді.
Әсіресе диабет, псориаз сияқты аурулары бар және иммунитеті төмен адамдарға бұл педикюр түрін жасатуға мүлдем болмайды.
Ғалымдар жұқтыру қаупінің өте төмен екенін айтқанымен, оны толығымен жоққа шығару мүмкін емес. Себебі бір салонда көптеген клиенттер бірдей балықтарды қолданады. Сонымен қатар балықтар мекендейтін ыдыстар мен бассейндерді толық зарарсыздандыру мүмкін емес.
Айтқандай, мамандар сайтымызға диета ұстамай-ақ арықтау үшін калорияның дұрыс есептеу керектігін алға тартты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







