Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елордалықтарға арнайы үндеу жасап, маңызды саяси науқан – республикалық референдумға белсене қатысуға шақырды. Әкім халықтың әр дауысы ел дамуы үшін маңызды екенін атап өтті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Құрметті астаналықтар!
15 наурызда елімізде жаңа Конституция бойынша жалпыхалықтық референдум өтеді. Бұл – Қазақстанның болашағын айқындайтын маңызды тарихи сәт. Жаңарған Ата заңның басты мақсаты – адам құқықтарын қорғау, демократиялық құндылықтарды нығайту және «Әділетті Қазақстан» қағидатын қалыптастыру.
Әр азаматтың дауысы – ел тағдырына қосқан үлесі. Баршаңызды осы жексенбі күні референдумға қатысып, азаматтық белсенділік танытуға шақырамын, – деді қала әкімі Жеңіс Қасымбек өз үндеуінде.
Алматы облысы әкімі де үндеу жасап, облыс тұрғындарын әділетті қоғамның негізіқалауға шақырады
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







