13 наурыз күні Қазақстанның солтүстік аймақтарында ауа температурасы біршама көтеріліп, соңғы күндерде алғаш рет нөл градусқа жақындайды. Алайда бірнеше облыста қар, боран және көктайғақ әлі де сақталады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
«Қазгидромет» болжамынша, Петропавлда түнде шамамен 0°, күндіз -3…-5°, түнде жаңбыр аралас қар жауып, боран мен көктайғақ болады, күндіз аздаған жауын-шашын түсуі мүмкін. Қостанайда жауын-шашынсыз, түнде -4…-6°, күндіз 0…+2°, тұман түсу ықтимал.
Астанада түнде қар жауады, күндіз жаңбыр мен қар аралас, жолдарда көктайғақ сақталады. Түнгі температура -3…-5°, күндіз -1…+1°. Көкшетауда түнде қар жауып, боран тұрады, температура түнде -2…-4°, күндіз -1…+1°.
Орталық аймақтарда қар жаууы жалғасады. Қарағандыда түнде аздаған қар мен боран болады, ауа температурасы түнде -7…-9°, күндіз -3…-5°. Павлодарда түнде және таңертең жаңбыр мен қар, температура түнде -4…-6°, күндіз -1…+1°.
Шығыста қар мен боран күтілуде. Өскеменде күндіз қарлы боран болады, түнгі температура -10…-12°, күндіз -1…-3°. Семейде түнде қарлы боран, күндіз жаңбыр мен қар жауады.
Батыста жауын-шашын болмайды. Оралда түнде -4…-6°, күндіз +3…+5°, тұман мен көктайғақ болуы мүмкін. Атырауда ашық күн райы, түнде -1…-3°, күндіз +8…+10°. Ақтауда күн жылынып, температура +10…+12° аралығында болады.
Елдің оңтүстік аймақтарында да күн ашық болады. Шымкент пен Түркістанда күндіз +6…+8°, түнде -7…-9°. Қызылордада күндіз +6…+8°. Алматыда жауын-шашынсыз, бірақ тұман мен көктайғақ күтіледі. Түнгі ауа температурасы -7…-9°, күндіз 0…-2° шамасында.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







