Қазақстанда теміржол инфрақұрылымын модернизациялау аясында 37 вокзалдың ғимараты толық бұзылып, қайта салынатын болды. Бұған олардың техникалық жағдайының тым нашарлауы себеп болған, деп жазады Ertenmedia.kz.
«Қазақстан темір жолы» компаниясының хабарлауынша, елдегі 124 вокзалдың жай-күйіне сараптама жасалып, олардың 37-сінің негізгі конструкцияларының айтарлықтай тозғаны анықталды. Сондықтан оларды жөндеу экономикалық және техникалық жағынан тиімсіз деп танылып, орнына жаңа вокзал ғимараттарын салу туралы шешім қабылданды.
Қазіргі кезде тізімдегі бір нысан Рудный қаласындағы Железорудная станциясының вокзалы толық бұзылып, жаңа вокзалдың жобасы мемлекеттік сараптамадан өтуде. Құрылыс жұмыстарына дайындық та басталып кетті.
Жалпы, вокзалдарды жаңғырту бағдарламасы 2026 жылы аяқталмақ. 11 наурыздағы мәліметке сәйкес, қазірдің өзінде 48 вокзалдың құрылысы аяқталуға жақын, олардың дайындығы 85-95 пайызға жеткен. Сондай-ақ, бүгінге дейін 36 вокзалдағы құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталған.
Жаңартылған вокзалдарда жолаушыларға арналған сервистік аймақтар кеңейтіліп, мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолайлы жағдай жасалады. Ғимараттарда заманауи лифтілер, пандустар мен арнайы санитарлық бөлмелер жабдықталады. Сонымен қатар, вокзалдарда энергияны үнемдейтін және экологиялық талаптарға сай келетін жарықтандыру жүйелері орнатылады.
Компания вокзалдарды жаңғырту мен қайта құру жұмыстарының қарқынды жүргізіліп жатқанын хабарлады. Алматы-1 және Астана-1 вокзалдарындағы құрылыс жұмыстары көзге байқалмайтынына қарамастан, инженерлік инфрақұрылымды жаңарту мен коммуникацияларды алмастыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Кейбір өңірлерде жаңа ғимараттар дайын болғанымен, толық пайдалануға берілмеген. Қазір олар жиһаз және қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Ауа райы жақсарған соң сыртқы жұмыстар аяқталып, бұл вокзалдар жолаушыларға есігін ашады деп күтілуде.
Атышулы экс-премьер Асқар Мәминнің немере інілері Ернар мен Әлібек Мәминнің Лондындағы екі пәтерінің құны 15,7 миллион фунт стерлингтен (10,4 млрд теңге) асатынын тілшілеріміз анықтады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







