Бүгін Тасқала ауданында республикалық референдумға мәдениет саласының өкілдері де белсенді түрде қатысып, азаматтық ұстанымдарын көрсетті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Ауданның мақтанышына айналған халықтық «Надежда» вокалдық тобының мүшелері де дауыс беру учаскесіне келіп, елдің болашағына қатысты өз таңдауларын жасады.
2009 жылы құрылған өнер ұжымы 2013 жылы «Халықтық» атағын иеленген. Қазір ансамбль құрамында 13 өнерпаз бар. Ұжым жетекшісі – 2023 жылы «БҚО үздік мәдениет қызметкері» төсбелгісімен марапатталған Шукирова Жаңылсын Ұзақбайқызы.
«Надежда» вокалдық тобы ауданның мәдени өміріне белсене араласып, қазақ, орыс, татар және украин ұлтының өкілдерін бір шаңырақ астына біріктіріп, ынтымақ пен достықтың үлгісін көрсетіп келеді. Ансамбль репертуарында қазақ және шетел композиторларының 20-ға жуық шығармасы бар. Сондай-ақ, өнер ұжымы толық сахналық киімдермен қамтамасыз етілген.
Ансамбль көптеген аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық мәдени шараларда аудан намысын қорғап, абырой биігінен көрініп жүр. Мәселен, 2014 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Еднання» украин мәдени-ағарту бірлестігі ұйымдастырған «Сорочин жәрмеңкесінде» «Үздік вокалдық топ» номинациясын жеңіп алды. Сонымен қатар ұжым бірнеше рет «Қазақстан-Орал» және «Ақжайық» телеарналарының «Күншуақ» бағдарламасына қатысып, өнерін кеңінен насихаттады.
2018 жылы Ресейдің Саратов облысы Озинки ауданының 90 жылдық мерейтойында өнер көрсетіп, көрерменнің ықыласына бөленді. Ал 2019 жылы ансамбль 10 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтіп, «Надежда встречает друзей» концерттік бағдарламасын ұсынған болатын. 2025 жылы да өнер ұжымы көрерменге «Когда поют девчата» атты шығармашылық кешін тарту етті.
Халықтық «Надежда» вокалдық тобы бүгінгі референдумға қатысып, елдің саяси-қоғамдық өміріне белсене араласып, жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті. Ұлттық мәдениетті дәріптеп, халықты өнер арқылы біріктіріп жүрген шығармашылық ұжымның бұл қадамы жас буынға өнеге болып отыр.
Айтқандай, ұйқы безінің қабынуына қарсы зерттелген ең тиімді дәмдеуіш – куркума екенін білесіз бе?
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







