Жаңа Конституцияны қабылдау бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда бокстан Әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов те өз таңдауын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Танымал спортшы №267 сайлау учаскесіне арнайы келіп, дауыс берді. Ол бүгінгі саяси шараның ел үшін маңызы зор екенін атап өтіп, әр азаматтың белсенді болуы қажеттігін айтты.
– Спортта жеңіске жету үшін қажырлылық пен өзіңе деген сенімділік маңызды. Дәл сол сияқты қоғам өмірінде де азаматтық жауапкершілік әркімнің өз ұстанымын білдіруінен басталады. Сондықтан мен де бүгін референдумға қатысып, өз таңдауымды жасадым, – деді Бекзат Нұрдәулетов.
Айта кетейік, таңғы сағат 07:00-ден бастап дауыс беру процесі жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Тұрғындар референдумға белсенді қатысып, елдің болашағына бейжай қарамайтынын танытуда.
Айтқандай, ұйқы безінің қабынуына қарсы зерттелген ең тиімді дәмдеуіш – куркума екенін білесіз бе?
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







