Түркістан облысында республикалық референдум күні облыстық «Домалақ ана» ансамблінің мүшелері дауыс беру учаскесіне ұлттық киіммен келіп, өз таңдауларын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Ұлттық киіммен дауыс беруге келген ансамбль мүшелері бұл маңызды саяси шараға белсенділік танытып, өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдірді.
– Бүгінгі саяси науқанға ұлттық киім киіп келуіміз – халқымыздың салт-дәстүріне, ұлттық мәдениетімізге деген ерекше құрметіміздің белгісі. Бұл референдумның маңызын арттырып қана қоймай, ел бірлігі мен ұлттық рухымызды танытудың бір жолы, – деді ансамбль мүшелері.
Айта кетейік, Түркістан облысында жалпы саны 947 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Өңірде дауыс беру құқығына ие азаматтардың жалпы саны – 1 187 257 адам, бұл облыс халқының 55,4 пайызын құрайды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







