Бүгін Қаратал ауданына қарасты Кәлпе ауылында республикалық референдум жоғары деңгейде, ерекше мерекелік атмосферада өтуде, деп жазады Ertenmedia.kz.
Кәлпе ауылының тұрғындары ұйымшылдық танытып, таңертеңгі уақытта №157 сайлау учаскесіне бір мезетте 400-ге жуық адам жиналып, азаматтық белсенділік пен бірліктің жарқын үлгісін көрсетті.
Бұл күннің ерекшелігі сол, республикалық референдум Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің онкүндігімен тұспа-тұс келіп, ауылда ерекше көңіл күй қалыптастырды. Сайлау учаскесінің маңында тігілген киіз үйлерде тұрғындарға ұлттық тағамдар ұсынылды. Ауыл жастары алтыбақан теуіп, балалар асық ойнап, айнала дәстүрлі думанға толды.
«Қарты бар үйдің қазынасы бар» демекші, ауылдың тоқсаннан асқан ақсақалдары мен апалары да бұл маңызды қоғамдық-саяси шарадан тыс қалмады.
Солардың бірі – 1934 жылы дүниеге келген ардагер мал дәрігері Сүлеймен Андасбаев ақсақал мен денсаулық сақтау саласының ардагері Бәтен Бұлдыбаева апамыз сайлау учаскесіне арнайы келіп, өз таңдауларын жасады. Өмірін ел игілігіне арнаған бұл қос қарияның өнегесі жастарға үлкен үлгі болды.
Ауыл ақсақалдары референдумның ел болашағы үшін маңыздылығын ерекше атап өтті. Олар ел тағдырына бейжай қарамай, жауапкершілік танытудың қаншалықты маңызды екенін айтты.
Осылайша, Кәлпе ауылындағы №157 сайлау учаскесінде өткен республикалық референдум бірлік пен берекенің, ынтымақ пен азаматтық белсенділіктің айқын көрінісі ретінде көпшіліктің есінде қалары сөзсіз.
Танымал New England Journal of Medicine ғылыми журналы ең пайдалы диеталардың жаңа рейтингін жариялады. Екінші жыл қатарынан DASH диетасы жүрек саулығын сақтау үшін ең тиімді әрі пайдалы диета ретінде танылып отыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







