Сайрам ауданындағы №608 сайлау учаскесінде мемлекет және қоғам қайраткері Розақұл Халмұрадов референдумда өз таңдауын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қоғам қайраткері сайлау учаскесіне арнайы келіп, азаматтық жауапкершіліктің үлгісін көрсетті. Ол референдумның ел үшін маңыздылығын атап өтіп, халықты белсенділік танытуға шақырды.
«Референдум – халықтың мемлекет басқаруға тікелей араласатын, өзінің пікірін білдіретін маңызды сәт. Әрбір азамат өз таңдауын жасауы керек, себебі әрбір дауыс елдің болашағын айқындайды. Осындай маңызды кезеңде жауапкершілік таныту – азаматтық парызымыз. Бүгінгі референдум халықтың бірлігін нығайтып, елдің тұрақты дамуына ықпал етеді», – деді Розақұл Халмұрадов.
Айта кетейік, Сайрам ауданында бүгінгі референдумға қатысуға 134 219 азаматтың дауыс беру құқығы бар. Аудан аумағында 85 референдум учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап жұмыс істеп тұр. Барлық учаскелерде дауыс беру белсенді түрде жалғасуда.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







