Ордабасы ауданында республикалық референдум аясында №455 дауыс беру учаскесінде ерекше мағынасы бар символикалық акция ұйымдастырылды. Акция барысында өз таңдауын жасауға келген азаматтарға тал мен гүл көшеттері таратылды, деп жазады Ertenmedia.kz.
«Әр дауыс – болашаққа артылған үміт» деп аталатын бұл акция азаматтардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға және олардың ел дамуына қосатын үлесін көрсетуге бағытталған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әрбір дауыс беруші азамат отырғызған ағаш көшеті мен гүл тұқымы – келешектің көркеюі мен жаңғыруының белгісі.
Акцияның негізгі мақсаты тұрғындарды елдегі саяси оқиғаларға белсенді атсалысуға шақыру, сондай-ақ табиғатты қорғап, жасыл желекке айналдыруға ынталандыру.
Осы бастама арқылы дауыс беру мен экологиялық жауапкершілікті байланыстырып, азаматтардың бойында елжандылық пен экологиялық мәдениетті қалыптастыру көзделген.
Айта кету керек, Ордабасы ауданында жалпы саны 53 референдум учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады.
Ауданның жалпы халқы – 134 мың адам болса, оның 72 890-ы дауыс беру құқығына ие. Референдум өткізуге 366 комиссия мүшесі қатысуда. Қазіргі уақытта аудан тұрғындары белсенді түрде дауыс беріп, азаматтық ұстанымдарын көрсетуде.
Тұқымды таңдағанда бірнеше маңызды жайтты ескеру керек. Ең алдымен, өсімдіктің сортына, күтілетін өнім көлеміне, бақшаңыздың аумағына және сақтау мүмкіндігіне назар аударыңыз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







