Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды республикалық референдумға қатысып, Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы бойынша өз таңдауын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қала басшысы таңғы уақытта Алматыдағы сайлау учаскелерінің біріне келіп, дауыс берді. Дауыс беру барысында Дархан Сатыбалды референдумның ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтіп, әр азаматтың осындай саяси іс-шараларға қатысуы мемлекеттің дамуына оң ықпал ететінін жеткізді.
– Бүгін Қазақстан үшін тарихи маңызы бар күн. Әрбіріміз азаматтық белсенділік танытып, еліміздің болашағына әсер ететін маңызды шешімдерді бірге қабылдауымыз қажет. Референдум нәтижесі мемлекетіміздің тұрақты дамуына, демократиялық үдерістердің одан әрі жетілуіне негіз болады деп сенемін, – деді қала әкімі.
Алматы қаласы бойынша дауыс беру үдерісін ұйымдастыру үшін таңғы сағат 07:00-де 653 референдум учаскесі ашылды. Қала тұрғындары таңғы уақыттан бастап учаскелерге келіп, азаматтық белсенділік танытып жатыр.
Барлық дауыс беру учаскелері заң талаптарына сәйкес жұмыс істеп тұр. Учаскелерде сайлаушылардың дауыс беруіне толық жағдай жасалған. Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Учаскелер жұмысы аяқталған соң, референдумның қорытындысы шығарылады.
Қазіргі таңда қала тұрғындары референдумға белсенді түрде қатысып, өз таңдауларын жасауда. Азаматтардың осындай белсенділігі Алматы тұрғындарының мемлекет тағдырына деген жауапкершілігін және қоғамдағы саяси процестерге деген қызығушылығын көрсетіп отыр.
Айтқандай, диабет, псориаз сияқты аурулары бар және иммунитеті төмен адамдарға балық-педикюрін мүлдем жасатуға болмайды. Назарда ұстаңыз!
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







