Әлемдік аренада еліміздің атын шығарып жүрген әйгілі ережесіз жекпе-жек шебері, ММА жұлдызы Шавкат Рахмонов Қонаев қаласындағы сайлау учаскесінде республикалық референдумда өз дауысын берді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Даңқты спортшы ел үшін тарихи маңызы зор оқиғаға бей-жай қарамайтынын білдіріп, өзінің азаматтық ұстанымын көрсетті. Ол Қазақстанның болашағы мен дамуы әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтті.
Шавкат Рахмонов Қазақстандағы саяси тұрақтылық пен әлеуметтік-экономикалық дамудың спортшыларға да зор мүмкіндік беретініне назар аударды.
– Спортта жеңіске жету үшін табандылық пен отансүйгіштік аса қажет. Әрбір қазақстандық спортшы елдің атынан сынға түскенде, көк байрақты биікте желбірету үшін күреседі. Мен үшін бүгінгі референдум – өз еліме деген құрмет пен патриотизмнің көрінісі. Жастарымыз да ел дамуына үлес қосып, еліміздің абыройын асқақтата береді деп сенемін, – деді Шавкат Рахмонов.
Шавкат Рахмонов халықаралық деңгейдегі танымал спортшы, ережесіз жекпе-жектен М-1 Global және KZMMAF турнирлерінің жеңімпазы. Ол KZMMAF-тың жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуін жеңіп алған, халықаралық додаларда еліміздің абыройын асқақтатып жүрген бірегей тұлға.
Айта кетейік, әйгілі спортшы бұған дейін үш жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, еліміздің спорт саласын дамыту туралы пікір алмасқан болатын.
Айтқандай, Gmail-дегі поштаңызды жылдам тазалауға мүмкіндік беретін ерекше функция бар екенін білесіз бе? Осы тәсілмен электронды поштаңызды бірнеше секундта ретке келтіруге болады екен.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







