Бүгін Түркістан облысы Жетісай ауданындағы республикалық референдум учаскелерінде ерекше әрі тағылымды көрініс орын алды. Референдумға аудан тұрғындарымен қатар, қазақ тарихында өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың бейнесін сомдаған театр әртістері де арнайы келіп, өз таңдауларын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының әртістері ел тарихындағы көрнекті тұлғалардың кепйіпдеі келді. Тәуке, Абылай хан және үш биіміз Төле би, Қазыбек би және Әйтеке биді көргендей болдық. Олардың бұл қадамы сайлаушылардың ерекше қызығушылығын оятып, көпшілікке терең әсер қалдырды.
– Бұл бастама тарихи тұлғаларымыздың асқақ рухын бүгінгі ұрпаққа танытып, халықты елдің тағдырына бейжай қарамауға, азаматтық жауапкершілікті терең сезінуге шақыруды көздейді. Әр азамат бүгінгі таңдауды саналы түрде, тарихи жауапкершілікпен жасауы керек, – дейді театр әртістері.
Референдумға келген аудан тұрғындары театр ұжымының ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған бұл бастамасын жоғары бағалады. Олардың пікірінше, тарихи тұлғалардың келбетін бейнелеу арқылы халықтың рухани санасын оятып, ел бірлігі мен азаматтық белсенділігін нығайтуға болады.
Айта кетейік, Жетісай ауданы бойынша референдумға арнап 75 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр.
Сонымен қатар, ауданда салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қазақ күресі, қол күресі, үстел теннисі, волейбол, тоғызқұмалақ және кіші футбол сияқты спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылуда. Мұндай шаралар халықтың референдумға деген қызығушылығын арттырып, мерекелік көңіл-күй қалыптастыруға септігін тигізуде.
Қанның қалыпты сұйықтық деңгейінде болуы, адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі үшін аса маңызды. Сол себепті күніне 1,5-2 литр сұйықтық тұтыну қажет.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







